Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұры ұйықтап жатқан үй иесіне шабуыл жасады

Қарағанды облысында үйге қылтима арқылы кірген ұры ұйықтап жатқан үй иесіне шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйек күні түнгі сағат 2.00 шамасында Қарағанды обылысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне қаладағы үйлердің бірінде тонау болды деген ақпарат түскен. Оқиға орынына келген жедел-тергеу тобына 28 жастағы жәбірленуші ұйықтап жатқанда белгісіз біреу қылтима арқылы үйіне кіріп, оны қорқытып бағалы заттарды беруін талап еткенін айтқан. Жәбірленуші ешқандай бағалы заты болмағандықтан қолындағы құны 16 мың теңге тұратын ұялы телефонын берген соң күдікті оқиға орынынан ізін суытқан.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Одан айғақ зат ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру