Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бойжеткеннің қалтасынан ұялы телефон ұрлаған қарағандылық ұсталды

Қарағандылық полиция қызметкерлері бойжеткенге алты күн бұрын ұрланған ұялы телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 19 жастағы азаматша хабарласып, белгісіз біреулер дүкендердің бірінен қалтасында тұрған ұялы телефонын ұрлап әкеткендігі туралы арызданған.

Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құраған.

21 қыркүйек күні криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіден ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Жәбірленуші полиция қызметкерлерінің сауатты жұмыстарына алғысын білдірді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру