Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бала Санжар: «Мен полиция боламын!»

Атырау облысы Индер аудандық полиция бөліміне ерекше қонақ келді. Жасы небәры төртке толған Санжардың арманы полицей ағаларының жұмысын көзімен көру, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Индер ауданының орталығы Индербор кентінің кішкентай тұрғыны Сарсенбай Санжар Равилұлы «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушісі. Балабақшада​ «Мен өскенде кім боламын» жобасына қатысып, полиция бөліміне келіп, көзімен көргісі келетін айтқан.

Небары төрт жаста болсада, биіктерге қол созған Санжардың арманы өзінің қатарластарының ​ қасында тым бөлек. Ол өскенде бізге көмектесетін полицей ағалардай боламын дейді.

– Мен өскенде полиция болғым келеді. Олар тәртібі нашар адамдарды ұстап алып, тыныштығымызды күзетеді, – деген кішкентай балақайдың қиын да қауіпті салада еңбек етуге құлшынысы зор.

Санжарды жетектеп бөлімге әкелген ағасының айтуынша, ол өте бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын, қайсар бала ​ екен. Сондықтан да полиция қызметкері болғысы келетін болар, өмірде жолы ашық болсын! – деп ағалық ​ жүрегімен сенім білдірді.

Санжардың отбасында үш​ ұл, бір қыз өсіп келеді. Әкесі – жеке кәсіпкер болса, анасы – ақ халатты дәрігер .

Бізде, өз кезегімізде, өмірге деген құлшынысы осы кезден тым биіктен бастау алған кішкентай Санжарға, арман-мақсаттарың орындалсын деп тілек тілейміз! Адамның болашақтағы ​ өміріне қанат бітіретін – арман.

Армандарың орындалсын, Санжар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру