Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық бұзғандарды павлодарлық полицейлер жауапқа тартты

Жыл басынан бері Павлодар облысының 98 мыңнан астам тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындарға 65 376 миллион теңге айыппұл салынды. Ал 27 құқық бұзушыға ескерту жасалды.
Павлодарлықтар жол қозғалысы ережелерін жиі бұзады. Айта кету керек, бүгінгі таңда 12 486 жүргізуші жылдамдық режимін сақтамаған. Көші-қон заңнамасын бұзушылар да аз емес, олардың саны – 7 357 (ҚР ӘҚБК 492-бабы).

Осы уақытқа дейін 6 059 тұрғын абаттандыру ережелерін бұзып, тазалық сақтамады(ҚР ӘҚБК 505-бабы). Қоғамдық орындарда ішімдік ішкен 5 949 адам анықталды (ҚР ӘҚБК 440-бабы).
Ал 5 750 жүргізуші қауіпсіздік белдіктерін тақпағаны үшін жауапқа тартылды. 4 374 жаяу жүргінші ЖҚЕ бұзды (ҚР ӘҚБК 615-бабы).

Полиция қызметкерлері тұрғындарға кез келген құқық бұзушылыққа жол бермеуге және қырағы болуға шақырады. Аулада, тұрақталған көліктердің жанында жүрген күдікті адамдарға назар аударыңыз. Егер олардың әрекеттері сізді алаңдатса, бірден «102» нөміріне қоңырау шалыңыз.

– Біз өзіміз де тәртіпті барлық жағдайда күшейтуіміз керек: ол біздің үйіміздің кіреберісі, ауласы, көшесі, жеке үйіміз болсын, тәртіп сақталуы қажет  – деп атап өтті ПД бастығы Нұрлан Мәсімов.

Өкінішке орай, күнделікті өмірде қоғамдық орындарда және көшеде біз адамдың заңсыз мінез-құлқына жиі кезігеміз, бұл басқаларға кедергі келтіріп қана қоймай, қылмыс жасауға да алып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру