Алматыда әйелдердің мойындарынан алқаларын жұлып алған тағы бір қарақшы ұсталды
Алматыда әйелдердің мойындарынан алқаларын жұлып алған тағы бір қарақшы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы В.есімді азамат, егде жастағы әйелдердің ізіне түсіп, оңтайлы сәтті күтіп, мойнындағы алқаларды жұлып алып, белгісіз бағытқа жасырынған.
– Ол мойнында алтын алқалары бар, зейнет жасындағы, өтіп бара жатқан әйелдерді аңдып отырған. Жәбірленушінің артынан байқатпай еріп, әйелдің дүкенге немесе кіреберіске жақындаған сәтін күткен. Содан кейін ол артқы жағынан келіп, алтын бұйымды жұлып алып, бар күшімен қашқан. Айтпақшы, ұрлық кезінде, ол, алқаны жұлып алып, қашып кеткенде, сырт киімін ауыстырып, күртесін шешіп алып, содан кейін жейдемен жүрген. Әрине, бұл жерде егде жастағы әйелдің қолынан ештеңе келмейді. Тіпті қарақшының кім екенін анықтау әркімнің қолынан келе бермейді. Алайда, бізде дәлелденген фактілер бар және ұсталған адам заң бойынша жауап береді. Қазіргі уақытта күдікті В.азамат уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 191 бабы тонау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол Алмалы ауданында әрекет етті, бірақ қаланың басқа аудандарында да фактілер болуы мүмкін. Осыған байланысты, осы адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, бізге мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 298-54-74,8-701-888-43-37,8-707-697-71-59 немесе 102, – деді Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.