Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 39 құқық бұзушы жауапқа тартылды

“Қару” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 39 құқық бұзушы Қостанай облысының полицейлерімен жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара облыс аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алып қою және иеленушілердің қарудың сақталуын тексеру үшін өткізіледі. Операция жүргізу кезеңінде полицейлер қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша аңшылық алқаптарда, шалғайдағы шаруа қожалықтарында рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Рейдтің бір күні ішінде полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан бес қару-жарақ, оның ішінде тегіс ұңғылы – үш, газды-бір, электрлі-бір қаруды тәркіледі. Тәртіп сақшылары пәтерлерді аралау барысында 812 азаматтық қару иесін тексерді, азаматтық қару айналымы саласында 39 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін 22 адам, тіркеу тәртібін бұзғаны үшін – 12 адам, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін – бес адам тартылды.

Облыста 17 бірлік тегіс ұңғылы қару өз еркімен тапсырылды. 12 азаматтың қаруды сақтау және алып жүру құқығына рұқсаты жойылды. “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру