ҚАЖ қызметкерлері науқастарға арнап қан тапсырды
Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері науқастарға арнап қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Мен әлемнің саулығы үшін кан тапсырамын!» акциясына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Астана аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, атсалысты.
Қан орталығының қорын толтыру, сондай- ақ, шұғыл түрде қан құйдыруға мұқтаж науқастардың сауығып кетулеріне үміт сыйлау мақсатында өткізілген ізгі іс-шараны Облыстық қан орталығы жылжымалы түрде мекемелерді аралау бойынша ұйымдастырған.
– Аталған іс-шараға Астана аудандық пробация қызметінің қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен қатысты. Жалпы, біздің қызметкерлер былайғы күндері де қан тапсыру орталығына барып, науқас жандарға көмек ретінде жүйелі түрде қан тапсырып отырады, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Гульжанат Искалиева.