Май ауданы полициясында «Zoom» арқылы конференция өтті
Павлодар облысы Май ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінде «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында жалпымектептік тәрбие сағаттары өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Конференция барысында есірткіні қолданудың зияны және есірткі заттарын сату мен айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы дәріс өткізілді.
Сынып сағаты мектеп медбикесі мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен «ZOOM» платформасы арқылы онлайн форматта 7-11 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен өтті.