Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бір апта ішінде 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған
Шымкентте патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бір апта ішінде 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша жалпы 378 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Олардың басым бөлігінде 97 адам қоғамдық орында темекі тартқаны үшін, 60 адам ұсақ бұзушылық жасағаны үшін, 76 адам қоғамдық орында мас халде болғаны үшін және түнгі уақытта көшеде қараусыз жүрген 39 жасөспірімдердің ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына жалпы 48 адам жеткізіліп, оның 41 жайғастырылды.