Жезқазғандық полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлаған адамды ұстады
Жезқазғандық полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлаған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-не 61 жастағы әйел хабарласты. Арызданушы дүкендердің бірінде кассир ретінде жұмыс істейді. Сатып алушылармен әңгімелесіп жатқан кезін біреу пайдаланып, 11 мың теңгені кассадан ұрлап кеткен.
Бұл сауда орнында бейнебақылау камерасы орнатылғанын қылмыскер білмеген. Полицейлер камераның жазбаларында кассадан бірнеше купюра алған ер адамға назар аударды. Қаскүнем есепте тұрған, мүліктік қылмыстарды жасауға бейім 33 жастағы тұрғын. Полицейлер көпке создырмай күдіктіні ұстады, ол кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тергелуде.