Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқу орталығында мұғалімнің сөмкесінен ақша ұрланды

Ақтөбеде оқу орталығында мұғалімнің сөмкесінен ақша ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қыркүйек күні белгісіз адам “Қазпошта” ғимаратындағы оқу орталығының кабинетінде педагогтың сөмкесінен 75 мың теңге сомасындағы ақшаны ұрлап кеткен. Ақтөбе қаласының 1982 жылғы тұрғыны полицияға жүгінген.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1993 жылы туған күдіктіні ұстады. Ақша тәркіленді. Ер адам бұл әрекетін мойындады және ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Ақтөбе облысы ПД азаматтарға алаяқтар мен ұрылардың құрбаны болмас үшін өздерінің құнды заттары мен ақшаларына мұқият және сақ болуға ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру