Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Студенттерге арнайы “Есірткіге жол жоқ” бетперделері таратылды

Ақтөбеде колледж студенттеріне “Есірткінің алуантүрлілігі” тақырыбында дәріс оқылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек күні ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сақтаған Бәйішев атындағы, темекі қоспаларының адам санасының өзгеруіне әсер ететін заттардың жаңа түрлерініңбар екендігі, есірткінің зияны туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, студенттерге арнайы “Есірткіге жол жоқ” логотипі бар бірнеше рет қолдануға жарамды бетперделер таратылды.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бөлімінің бастығы Асхат Асқаровтың айтуынша, тәртіп сақшылары студенттерге есірткінің зияны туралы ақпаратты айту, екі мақсатты көздейді. Олар: салауатты өмір салтына тарту және бос уақытын ұтымды пайдалану, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау.

Колледж студенттері полицейлердің бастамасына оң көзқараспен қарады, алдын-алу шаралары нәтиже береді және өмір бұрынғы арнаға оралады деген ұсыныстарды мұқият тыңдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру