Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың мәртебесі талқыланды
Алматы қаласының көші-қон қызметі құқық қорғаушылармен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың мәртебесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметі кеңсесінің негізінде, полиция, адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның өкілдерімен бірлесіп «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және олардың басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілі екендігіне дәлелдері жоқ, Республика аумағындағы адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі #607 бұйрығын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
– Жұмыс кездесуінің қорытындылары бойынша аталған ұйымға жарамсыз құжаттармен және тұрақты емес мәртебемен жүгінген адамдардың тізімдерін, соның ішінде ТМД елдерінің бірінің жарамсыз паспортымен, сондай-ақ, 1974 жылғы КСРО паспорттарын уақытылы алмастырмаған Қазақстан Республикасындағы адамдардың тізімдерін ұсыну тұрғысынан КМБПЧ-мен тығыз ынтымақтастық туралы шешім қабылданды. Мұндай фактілерді анықтауға жергілікті полиция инспекторлары да қатысады, олар жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, қалада тұратын адамдар туралы ақпаратты біздің қызметке жібереді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.