Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда құбыр ұрлаған үш азамат ұсталды

Қарағандылық полицейлер металл құбырларды ұрлаған үш күдіктіні  ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қазан күні Қарағанды қалаcының полицейлері 37 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің алдына әкеп қойған металл құбырларының қолды болу фактісі бойынша хабарламасын қабылдаған.

Алдын-ала тергеу кезінде оның құбырларды кешкілік қақпа алдына түсіргені, таңертең құбырларды белгісіз біреулердің ұрлап әкеткені белгілі болды. Келтірілген шығын 100 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 22-24 жас аралығындағы үш азамат ұсталды. Олар құбырларды металл қабылдау орнына тапсыру үшін ұрлап кеткендерін мойындады.

 Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру