Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында мешітке ұрлыққа түскен азамат ұсталды

Балқаш қаласының полицейлері мешіттен ұрлық жасаған азаматты ізін суытпай қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазан күні Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне қаладағы мешіттердің бірінің имамы белгісіз біреудің мешітке кіріп, садақа жәшігінің есігін бұзып, 22 мың теңгені ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан бірнеше саусақ ізін алып, оның бірі полицияның есебінде тұрған 24 жастағы азаматқа тиесілі екенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу  барысында күдікті ұсталды және ол осы қылмысқа қатысы бар екенін мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188- бабына (Ұрлық)  сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру