Шымкентте 46 жастағы бұзақы ұсталды
Шымкентте азық-түлік дүкенінің алдында қала тұрғынын ұрып кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына қала тұрғыны қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінің алдында белгісіз азаматтың оны ұрып-соғып кеткені туралы арызданған.
Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.
Қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде 46 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.