Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте пәтер алаяғы ұсталды

Шымкенттік полицейлер танысын алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына қала тұрғыны пәтер сатамын деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен, пәтердің алғашқы жарнасы ретінде 3 миллион теңге ақша қаражатын алып, осы күнге дейін аталған пәтерді ресімдемей, қашып жүрген танысына қатысты шағымданған.

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3 – бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеліп,  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

22 жастағы күдікті ұсталып, қылмысын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру