Ақтөбелік тұрғын полицейлерге кәсіби шеберлігі мен қырағылығы үшін алғысын білдірді
Ақтөбелік тұрғын саяжай аумағынан ұрланған мүлкін тауып берген полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қыркүйекте ақтөбелік тұрғынның саяжай учаскесінің аумағынан құны 50 млн теңге болатын 42 болат бағана мен металл конструкциялар ұрланған.
Алайда жәбірленуші полицияға бірден хабарласпай, Полиция департаментіне ұрлық туралы тек екінші қазанда ғана қоңырау шалған.
Полицейлер бір сағаттың ішінде аталған ұрлықты жасаған күдіктіні анықтады.
«Мені №3 қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Арман Сексенбаев пен учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Нұрбек Жүгінісовтің кәсіби шеберлігі мен шапшаңдығы таң қалдырды. Бір сағат уақыт ішінде олар ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады, ұры өз кінәсін толық мойындады. Көрсеткен көмегі үшін полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіргім келеді және олар басшылық тарапынан көтермелеуге лайық деп ойлаймын. Осындай қызметкерлердің арқасында құқық қорғау органдарының оң имиджі қалыптасады», – деп жазды Өтеген Үбігенов.