Павлодар облысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды
Ақсу қаласының полицейлері автомагнитола ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақсу қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, оның көлігінен автомагнитоласын белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы шағымданған.
Кешқұрым уақытта Пушкин көшесіндегі үйдің ауласындағы тұраққа қойылған «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жанында ешкім қалмағанын күткен қаскүнем есіктің құлпын бұзу арқылы «Pioneer» автомагнитоласын ұрлаған.
Келтірілген шығын 6 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.
Қаскүнем Екібастұздың 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол ұрланған мүлікті сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсамақ болғанын айтты. Сондай-ақ, одан магнитолла алынды.
Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
– Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысының аумағында 53 салон ұрлығы жасалды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.