Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ауыл тұрғынынан марихуана алынды

Ақтөбелік полицейлер Мәртөк ауданының тұрғынынан есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда Ақтөбе облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2020” жедел-алдын алу іс-шарасының барысында Мәртөк ауданы Аққайың ауылының 50 жастағы тұрғынының ауласынан құрамында есірткі бар 10 түп өсімдік, сондай-ақ салмағы 2 кг. 300 гр. “марихуана” есірткі затын тәркіледі.

Құрамында есірткі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен заңсыз жұмыс істеу)  дерегі және ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру)  дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Облыс көлемінде жыл басынан бері  заңсыз айналымнан жалпы салмағы 500 кг есірткі алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру