Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елімізде мәртебесі заңмен реттелмеген адамдарды құжаттандыру бойынша кең ауқымды акция өткізілуде

Қазақстанда мыңдаған адамдар қызыл паспортпен өмір сүреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдары құжаттары жарамсыз  адамдардың Қазақстан Республикасында тұру фактілерін анықтауды жалғастыруда.

“Олардың арасында КСРО паспорттарын уақтылы алмастырмаған Қазақстан азаматтары да, ТМД елдерінің құжаттарының мерзімі өткен адамдар да бар. Жыл басынан бері 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты негізінде 867 (2019 жылы – 1727) адамның  құжаты ауыстырылған. Сонымен қатар, біз анықтаған жеке тұлғалардың едәуір бөлігі Қазақстан Республикасының азаматтары емес – олар біздің Қазақстанға ТМД елдерінен қоныс аударған, олар келген мемлекеттер де оларды енді өз азаматтары ретінде мойындамайды”, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов.

“Бұл адамдар мемлекетке көрінбейді, олар үшін негізгі құқықтар мен бостандықтар қолжетімсіз, медициналық немесе әлеуметтік көмек,  білім,  зейнетақы мен жәрдемақы ала алмайды, олардың ресми  жұмыс табуға, тіпті еркін қозғалуға мүмкіндіктері жоқ. Олар көптеген мәселелер мен қиындықтарға кезігеді және көбінесе олар өздерінің құқықтық мәртебесін немесе заңды сәйкестілігін анықтау бойынша жағдайды өз бетінше шеше алмайды, – деді Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Денис Дживага.

Ішкі істер министрлігі басшылығының тапсырмасымен жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын мәртебесі заңмен реттелмеген адамдарды анықтауға байланысты Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын беру үшін мәртебесі заңмен реттелмеген немесе азаматтығы жоқ адамдарды анықтау бойынша ауқымды іс-шаралар өткізуде.

“Жыл соңына дейін жалғасатын науқан барысында ішкі істер органдары үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен мәртебесі заңмен реттелмеген адамдарды анықтайды. Көші-қон қызметі оларға мәртебесін анықтауға көмектеседі және Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттары рәсімделеді”, – деп түйіндеді Сабыржан Сейітжанов.

“Біз, бұл науқан  – елдің барлық аймақтарын қамтып, азаматтығы анықталмаған адамдар туралы нақты статистиканы анықтауға мүмкіндік береді деп, сонымен қатар, құжаттары жоқ адамдарға олардың құқықтық мәртебесі мен заңды сәйкестілігін анықтау мәселесін шешуге мүмкіндік береді деп күтеміз”, – деді Денис Дживага.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру