Петропавл қаласының полицейлері жаяу жүргіншілерді жолдан өту кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады
Петропавлда жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан 30 жастағы қала тұрғыны жол-көлік оқиғасынан зардап шекті, -деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленуші түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Жаяу жүргіншіні ZAZ Chance автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі 12 қазан күні 21 сағат 30 минут шамасында Караван мен К.Цеткин көшелерінің қиылысында қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.