Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларын ұстады

Алматы облысының Қарасай ауданында пәтер ұрылары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасай ауданының ПБ кезекші бөліміне Кемерторған кентінің 24 жастағы тұрғыны белгісіз біреулердің үйінің терезесін сындырып, жеке заттарын ұрлағаны туралы арызданған.

Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркелді.

“Бірнеше сағаттан кейін жедел уәкілдер Алматы қаласының шағын аудандарының бірінен 31 және 34 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олардан ұрланған куртка тәркіленді. Ұрылардың екеуінің де бұрын ұрлық жасағаны үшін соттылығы болған. Ал олардың бірі тіпті үш рет темір тордың арғы жағында болып қайтқан. Жәбірленуші полицейлерге шын жүректен алғысын білдіріп, кәсіби шеберліктерін атап өтті”, – дейді Алматы облысының ПД Криминалдық полиция басқармасының бөтеннің мүлкін ұрлауды ашу бөлімінің бастығы Ұлан Байтаков.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында олардың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру