Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласында су есептегіш құралдарды ұрлаған азамат ұсталды

Алматылық ұры көп қабатты үйлердің су есептегіш құралдарын ұрлаумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Жетісу ауданының полицейлері су есептегіштерін ұрлады деген күдікпен Алматы қаласының тұрғынын ұстады.

Күдікті “Құлагер” ықшам ауданында жүрген. Соңғы уақытта аудан тұрғындарынан менің “Фейсбук” парақшама суық су есептегіш құралдарының ұрланғаны туралы хабарламалар келе бастады. Есептегіштің ұрлануына байланысты кейбір пәтерлер сумен жабдықтаусыз қалған. Күдікті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Ол бірнеше есептегішті ұрлағанын мойындады, ұсталған адам негізінен ұрлықты көп қабатты үйлерден жасаған. Қазіргі таңда оның 10 су есептегішін ұрлауға қатысы бар екендігі дәлелденді және ұрланған мүлікті базарларда басқа адамдарға сатқаны анықталды”, – деді Жетісу ауданы Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның аудан аумағында да, бүкіл қала аясында да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру