Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында аққу атқан азамат ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында ұсталған азаматтың автокөлігінің жүк салғышынан аққудың денесі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Бескөл аңшылық шаруашылығының қорықшысы  Мамлют ауданының Леденево селосының маңында  «БМВ» маркалы автокөлікті тоқтатқанын, көліктің жүк салғышынан басы кесілген аққудың денесі табылғанын хабарлаған.

«Оқиға орнына жеткен Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері құстың денесін тәркіледі. Көлік жүргізушісі мен жолаушы мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деді Мамлют ауданының ПБ бастығы Серік Әлжанов.

Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы аққуды өлтіру фактісі бұған дейін де анықталған.

Наурыз айында Петропавлда «Ромашка» саяжай қоғамына жақын маңда екі сұңқылдақ аққудың денесі табылған.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру