Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер зейнеткердің ақшасын ұрлаған күдіктіні ізін суытпай  қолға түсірді

Қарағандыда зейнеткердің ақшасын ұрлаған 31 жастағы азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазан күні Қарағанды қалаcының Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қаладағы дүкендердің бірінің маңында 72 жастағы зейнеткердің 60 мың теңгесін белгісіз біреудің ұрлап әкеткені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел –тергеу тобымен бірге патрульдік полиция полкінің наряды жіберілді.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне ұрланған ақшаның қол сөмкесінде болғанын және қасында белгісіз бір азаматшаның тұрғанын айтқан.

Полиция қызметкерлері күдікті туралы ақпаратты алып, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу  барысында 31 жастағы азаматшаны ұстады. Күдікті азаматша жасаған қылмысын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық)  сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру