Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер бұрын сотты болған есірткі сатушыны анықтады

Кентаулық азаматтан 15 грамм есірткі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғынның есірткіні аса ірі көлемде сақтаумен және сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.

Аталған ақпарат ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)  бойынша тіркелді.

Келіп түскен ақпаратты тексеру барысында аталған азаматтың автокөлігінен  2 дана ақ түсті қағаз орамадағы есірткіге ұқсас зат табылып, сараптамаға жіберілді.

Сараптама нәтижесі бойынша есірткіге ұқсас заттың жалпы салмағы 15 грамды құрайтын “марихуана” екені анықталды.

Бүгінгі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті бұрын есірткі сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру