Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта бірнеше ұрлық фактісіне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Балқаш қаласының полицейлері бірнеше дүкеннен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазан күні  Балқаш қалалық полиция бөліміне үш  бірдей жеке кәсіпкерден ұрлық фактісі туралы арыз түскен.

Мәселен, белгісіз азамат бірінші дүкеннен күрте мен жемпір, екінші дүкеннен бір қорап май ұрлаған. Ал үшінші дүкеннен темір саты ұрланған. Кәсіпкерлерге келтірілген шығын 35 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлері ұрлық жасалған дүкендердегі бейнебақылау камераларын қарап, күдікті азаматты анықтады.

Өткізілген жедел – іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азамат ұсталып, ол қылмыстарын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру