Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында өз ауылдасының алтын сақинасын ұрлаған азаматша ұсталды

Қарағанды облысының тұрғыны ауылдасының алтын сақинасын ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазан күні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Полиция басқармасына 43 жастағы ауыл тұрғыны үйінен жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен кезде белгісіз біреудің үйіне кіріп, жатын бөлмесінен құны 80 мың теңге тұратын алтын сақинасын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік полиция инспекторлары аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен осы ауылдың 24 жастағы тұрғынын ұстады, ұсталған азаматшадан айғақ зат тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру