Кәмелетке толмаған қыз үйінен хабар-ошарсыз кеткен
Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қыз анасымен бірге тұрған үйінен шығып кетіп, хабар-ошарсыз қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қазан күні Ақтөбе қаласы ПБ №3 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Мұғалжар ауданының тұрғыны хабарласты. Оның айтуынша, ол күндіз Қандыағаш қаласынан Ақтөбеге қарай таксиге қызын отырғызып жіберген. 13 жастағы қыз Ақтөбеде оқуын жалғастырып, әкесімен бірге тұруды көздеген.
Қызды іздеуге жедел қызметтер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Қыздың бару мүмкін жерлері тексерілді. Бір тәуліктен кейін полиция қызметкерлері іздеу шаралары барысында қызды Ағ.Жұбановтар көшесіндегі подъездердің бірінен тапқан. Жоғалған қыз табылып, полиция бөліміне жеткізілді.
Кәмелетке толмаған қыз баланың әрекетінің себептері анықталуда.