Қостанайда елік атқан браконьерлер ұсталды
Қостанай облысында полицейлер екі браконьерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қазанда рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Қарабалық аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Аққұдық ауылының маңында «ВАЗ-21093» маркалы автокөлігін тоқтатқан, автомашинада Қарабалық кентінің екі тұрғыны болған, көлікті тексеру кезінде жүксалғышынан сібір еліктері мен тіркелмеген мылтық табылды.
Заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер тіркелмеген мылтық пен «ВАЗ» автомашинасын тәркіледі.
– Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен құстарды заңсыз аулағаны үшін азаматтарға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мемлекетке келтірілген залал өтеледі, – деп атап өтті облыстық ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы Ғазретғали Әлімғазин.