Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралдық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған əйелді құтқарды

Оралда полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған əйелді құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Қала тұрғыны өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл туралы қоңырау №5 учаскелік полиция пунктіне белгісіз азаматтан келіп түсті. Хабарламаны алғаннан кейін учаскелік инспекторлар бірден оқиға орнына барып, жедел жәрдем, ТЖД қызметкерлерін, жедел-тергеу тобын шақырды.

Жас әйел төртінші қабаттың терезесінен секірмек болған. Алайда құтқарушылардың төменде батут дайындап жатқанын байқап, ол қайтадан пәтерге кіріп, ас үй пышағын қолына алған.

«Біз кіреберісте, пәтердің алдында тұрдық. Оның қолында пышақ болды. Пәтерде əйелден басқа ешкім болған жоқ. Учаскелік инспектор Дәурен Ұнайғалиев ТЖД қызметкерімен бірге оны сабырға шақырып, назарын өздеріне аударды. Мен есіктің артында тұрып, оңтайлы сәтті күттім. Содан кейін ішке кіріп, қолынан пышақты тартып алдым», – деді патрульдік полиция батальоны взводының командирі Нұрболат Смағұл.

Құтқарылған әйел дәрігерлерге тапсырылды. Оның осындай қадамға неліктен барғандығын психологтар анықтауда.

«Тез әрі нақты әрекет етуге тура келді. Себебі, оның өміріне қауіп төніп тұрды. Қателік жібермеуге тырыстық. Учаскелік инспектор онымен сөйлесті. Ал ТЖД қызметкерлері арқанмен бесінші қабаттағы пәтер арқылы осы азаматшаның пәтеріне түсті. Бастысы бәрі ойдағыдай болды», – деп атап өтті Нұрболат Смағұл.

Айта кету керек, қазіргі уақытта оралдық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Патрульдік полиция батальоны қызметкерінің, құтқарушылар мен учаскелік инспектордың жедел әрекеттерінің арқасында суицидке жол берілмеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру