Атырауда притон ұйымдастырып, жеңгетайлық қызметтер ұсынған әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды
Атырауда жеңгетайлық қызметтер ұсынып, притон ұстаған әйелге қатысты сот үкімі күшіне енді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Аталған азаматша 2015 жылдың қыркүйек айында Атырау облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК 309-бабымен (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) айыпты деп танылып, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда сот оның кішкентай балалаларын ескеріп, жаза өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырылған, – дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Даулетбаева.
Сотталған азаматшаның негізгі жазасын өтеу мерзімінің шегерілген уақыты аяқталуына байланысты, Атырау қалалық пробация қызметі сотталушының негізгі жазасы бойынша шешім қабылдау үшін Атырау қалалық №2 сотына ұсыным жолдады.
Сот шешімімен азаматша УГ-157/9 (Атырау әйелдер колониясы) мекемесіне қамалды.
Сотталған азаматшаның кәмелетке толмаған екі баласын туыстары өз қамқорлығына алды.