Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда ауған соғысының ардагерлері арнайы бөліністердің жеке құрамымен кездесті

Қостанай облысы Полиция департаментінің басшылығы арнайы бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесіп, ұжымдағы патриоттық көңіл-күйді көтерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстың ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев пен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ербол Дербісов тек басшы ғана емес, сондай-ақ ауған соғысының ардагерлері болып табылады.

Кездесу барысында олар Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауындағы құқық қорғау жүйесіндегі реформалар барысы туралы айтып берді. Сонымен қатар полицейлердің жұмыс кестесі, жауынгерлік және қызметтік дайындық деңгейі және әлеуметтік мәселелері жөнінде сөз қозғады.

Ардақ Ынтықбаев пен Ербол Дербісов полицейлерге интернационалдық борышын қалай өтегендерін айтып, өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

– Сіздер бүгін бейбіт жағдайда жұмыс істейсіздер, жұмыстан соң үйге, отбасыларыңызға ораласыздар және демалуға, қайта күш жинауға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл – өте керемет жағдай. Себебі соғыс кезінде қызмет еткен біздің бейнетіміз көп болды. Мені әскерге шақырғанда, мен бір минут та іркілмедім. Ол кезде жастар арасында Отан алдында борышыңды өтеу – үлкен мәртебе болатын. Үш ай Ашхабадтағы десанттық-шабуыл бригадасында дайындықтан өтіп, Ауғанстанның Кабул қаласына, сол жерден Газни провинциясына жеке мотоатқыштар полкіне жіберді. Үш мың метр биіктікте  жаудың оқ-дәрі қоймасын таптық. Олар тастап кеткен жерде мина жарылып, жас жауынгерлер жараланды. Оқиға орнында екі сарбаз қаза тауып, 15 сарбаз жарақат алды, – деді Ардақ Қабыкенұлы.

Кездесу соңында Кадр саясаты басқармасының психологтары полицейлермен тренинг өткізіп, түрлі жағдайлар туындаған кездегі кәсіби іс-қимылдар алгоритмін және психологиялық ден қоюды үйретті.

– Бүгінгі таңда біздің алдымызда күрделі міндеттер тұр, оны жалғыз шешу мүмкін емес. Бірыңғай тетік ретінде үйлесімді әрі адал жұмыс істеу арқылы ғана біз жұмыста нәтижеге қол жеткізе аламыз және ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігі мен сенімін қамтамасыз ете аламыз. Мемлекет Басшысы, Ішкі істер министрі және Полиция департаментінің басшылығы қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде тұрған қызметкерлерді қолдау үшін барлығын жасайды. Осындай жағдайда қызмет атқарып жүрген полицейлерге алғысымды білдіремін, – деді А.Ынтықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру