Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы аясында бұрын жасалған үш қылмыс ашылған

Қарағанды облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық орындарда және көшелерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  республика аумағында  2020 жылғы 26 қазан – 1 қараша аралығында “Құқықтық тәртіп”  жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Шара барысында Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері 2 күн ішінде жалға берілетін 200-ден аса пәтерді тексеріп, 800-ден аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Профилактикалық есепке қойылған 1000-нан аса тұлға, деструктивті діни ағымдардың 96 өкілі тексерілді. 12 азамат қабылдау-тарату орнына және 48 азамат уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазақстан Республикасы ҚК 346-бабы бойынша бір қылмыстық іс қозғалды. Жалпы “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында бұрын жасалған үш қылмыс ашылып, іздеуде жүрген алты қылмыскер ұсталды,  – деп хабарлады Қарағанды қаласы Полиция басқармасының бастығы Думан Қожахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру