Ақтөбе қаласы Полиция басқармасында кездесу өтті
Ақтөбе облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Аскербеков Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен жұмыс барысында кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы қозғалды.
Кездесуде бөлініс басшылары қызметтік және көлік тәртібін бұзбау, болдырмау, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жеке таныстырылды.
Сонымен қатар, басшыларға азаматтардан түсетін шағымдар мен арыздарды жан-жақты, сапалы қарау жүктеліп, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» және қарамағындағы жеке құрамды қатаң бақылауға алуды қамтамасыз ету тапсырылды.