Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тағы бір қалта ұрысы ұсталды

Ақтөбеде тағы бір қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазан күні “қарбалас сағатта” №19 бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз адам 18 жастағы қыздың қалтасынан “IPhone 5С” смартфонын жасырын ұрлап кеткен. Ақтөбе қаласы ПБ жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрланған зат тәркіленді.Есіңізде сақтаңыз:
– Ең алдымен, үйден шыққанда, әмиянды тексеріп, сізде қанша қаражат бар екенін есептеп, шығыңыз. Артық ақша сомасын, сондай-ақ Сіз пайдаланбайтын құжаттарды, карточкаларды өзіңізбен бірге алып шықпаңыз.
– Әмиянның киімнен ерекшеленбейтініне назар аударыңыз.
– Көпшілік жерде әмияныңыз немесе сөмкеңізге бөгде адамдардың көз салмауын қадағалаңыз.
– Әмиянның ішіндегі ақшаны көпшілік алдында санамаңыз.
-Дүкендерге немесе адамдар көп жиналатын жерлерге барған кезде абай болыңыз.
– Көлікте жол жүру ақысын төлеу үшін ақшаны алдын ала дайындаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру