Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда тағы бір браконьер ұсталды

Түркістан облысының полицейлері Қызыл кітапқа енген құстарды аулаған браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері “Охотзоопром” инспекторларымен бірлесіп, іргелес ауылдардың бірінің жанында жабайы құстарды заңсыз аулаған күдіктіні ұстады.

Түркістан қаласының тұрғыны болып шыққан күдіктінің автокөлігін тексеру кезінде полицейлер 12 калибрлі аңшы мылтығы мен ҚР Қызыл кітабына енгізілген 2 дана құс тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 337-бабының 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру