Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 1000-нан астам адам ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Павлодар облысында жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер болып табылады.

2020 жылы 1000-нан астам павлодарлық осындай құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мысалы, Лермонтов көшесінде 40 жастағы қала тұрғыны шемішке шағып келе жатып, қабығын тротуарға лақтырған. Құқық бұзушының бұл әрекетіне  ашуланған куәгерлер полицияға қоңырау шалып, тәртіп сақшылары аталған әйелге қатысты  ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Ақсу қаласының тағы бір тұрғыны қаладағы дүкендердің бірінде жанжал шығарып, былапыт сөздер айтқан. Бұл әйелге қатысты да хаттама толтырылып, оған айыппұл салынды.

Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту азаматтар тарапынан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға ден қоюға, өзгелердің құқықтары мен тыныштығын құрметтеуге тәрбиелеп қана қоймай, құқық бұзушылықтарға көз жұма қарау сияқты келеңсіздіктерге жол бермейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру