Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері Шымкент қаласында іздеуде болған қылмыскерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері Шымкент қаласында іздеуде болған қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Шымкент қаласында іздестіріліп жатқан қылмыскерді аудан аумағында ұстады.

Мақтаарал ауданының көшелерінің бірінде қызмет атқару кезінде жедел уәкілдер күдікті ер адамды тоқтатып, құжаттарын сұрайды. Осылайша тексеру жұмыстарының нәтижесінде Қазығұрт ауданының тұрғынын Шымкент қаласының соты ҚР ҚК 296-бабында көзделген (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмысы үшін іздестіріп жатқаны анықталды. Іздестіріліп жатқан қылмыскерді тәртіп сақшылары аудандық полиция бөліміне жеткізіп, Шымкент қаласының Абай АПБ қызметкерлеріне тапсырды.

Өз кезегінде Түркістан облысы ПД полицейлері криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі жұмысы тұрақты негізде жүргізіліп, алдағы уақытта да жалғастырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру