Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттіктен заңсыз қару тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері Шымкент қаласының тұрғынынан заңсыз қару тәркіледі, – деп  хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Түлкібас аудандық полиция қызметкерлерімен бірге “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда. Осы орайда аудан көшелерінің бірінде Шымкент қаласының тұрғыны өзімен бірге травматикалық тапанша және оқ дәрісімен бірге заңсыз алып жүргені анықталды.

Тәртіп сақшылары аталған қылмыстық жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды заңсыз тасымалдау немесе алып жүру) бойынша бірден тіркеуге алды. Сондай-ақ тексеру жұмыстарының нәтижесінде күдіктіден қару оқ дәрісімен қоса тәркіленіп алынды. Дәлел ретінде алынған қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалған. Тексеру барысында күдікті өзін қорғау мақсатында қаруды алып жүргенін айтты. Қазіргі таңда ұсталған еразамат қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау, өткізу мен алып жүру үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сіз қару немесе басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау жайттары бойынша қандай да бір ақпаратты білсеңіз дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру