Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзгенің атынан ғаламтор арқылы несие рәсімдеген әйел ұсталды

Түркістан облысында өзгенің атынан ғаламтор арқылы несие рәсімдеген әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Арызда таныс құрбысының өз атына несие рәсімдеп алғанын көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Осыдан соң сарыағаштық полицейлер жедел іздестіру жұмыстарын бастап, нәтижесінде күдікті азаматшаны тұрғылықты мекенжайынан ұстады.
Қазіргі таңда ұсталған әйелге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеушілердің анықтауы бойынша жергілікті тұрғын жәбірленушіге есепшотының жабылып қалғандығын сылтауратып алаяқтық жолмен оның есепшот алған. Содан соң күдікті жәбірленушінің атынан 75 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген. Ұсталған әйел қолхатта.

Полицейлер алаяқтық жолмен несие рәсімдеген тағы бір жайтты анықтады. Тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесінде бұл іске күдікті әйел қолға түсті. Аталған жайт бойынша келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгеге жуық. Облыс полицейлері алаяқтық жасаған күдіктілерге қатысты тергеп тексеру амалдарын жүргізуде.

Облыс полицейлері бейтаныс адамға артық сенім білдірмеу мен жеке мәліметтерді құпия сақтау керектігін ескертеді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру