Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мектеп оқушылары арасында ерекше байқау ұйымдастырды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс мектептерінің оқушылары арасында бал билерінің онлайн байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл байқау жыл сайын өткізіліп, 2017 жылдан бастап дәстүрге айналған.

Байқауға 64 жұп қатысты. “Есірткісіз өмір ғажайып” бал биі байқауы балалардың байқауға ерекше дайындықтарын байқатты.

Сайысқа қатысушыларды ламбада, сальса, джайв, самба, кукарелла және вальс сияқты би түрлері бойынша мамандар бағалады.

Қатысушылар арасынан Қызылорда қаласының №3 мектеп-лицейінің  оқушылары Ким Валерия мен Ан Евгений жеңімпаз атанды.

Екінші және үшінші орындарға Сырдария ауданының №42 мектеп-лицейі мен Қармақшы ауданының №273 орта мектебінің оқушылары ие болды.

Сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру