Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері теолог маманмен кездесті
Ақтөбе облысында лаңкестік әрекеттерге бейім азаматтарды оңалту мәселелеріне арналған дәріс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Ақниет» ақпараттық-насихаттау, оңалту орталығының теологы Төлеген Талдыбаев Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД жеке құрамымен кездесу барысында террористік және радикалды идеологиядан зардап шеккендерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу мәселелері туралы айтып берді.
– Көп жағдайда психикасы тұрақсыз немесе күйзеліске ұшыраған азаматтар террористік сипаттағы іс-әрекеттерге көнуге бейім тұрады. Осы тұрғыда қателікке бой алдырмау үшін алдымен адамның өзін рухани дамытып, жүрегін таза ұстауы өте маңызды, – деді теолог.
Айта кету керек, аталған қоғамдық қордың теологтары Ақтөбе облысының түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.