Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үш күн бұрын жоғалған ақтөбелік азамат аман-есен табылды

Қызылордада үш ​ күн бұрын жоғалған ақтөбелік азамат аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш күн бұрын Қызылорда​ облысы Арал ауданының Қаратерең елді мекеніне Ақтөбе қаласынан келген үш адам құс атуға шыққан. Алайда аңшылық кезінде олардың ​ бірі​ адасып, ​ жоғалып кеткен. ​

Жоғалған адамды туған-туыстары мен достары өз бетінше іздеуге тырысқан, кейін адам жоғалғаны туралы полиция бөліміне хабарлаған.

Хабарлама түскен сәттен бастап аудандық полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірге дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

Іздеу жұмыстары ​ Кіші Арал теңізінің “Көкарал” плотинасынан басталды. ​ “Крона” қызметтік ​ иті, қажетті техника жұмылдырылып,​ аталған аймақ дрон арқылы зерттелді. ​ Барлық полиция бекеттеріне жоғалған адамның суреттері жіберілді.

Бүгін ​ сағат 09:30 шамасында үш тәулік бойы бойы жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған адам​ аман-есен табылды.

Ақтөбелік азамат елді мекендерден шалғай кетіп, бағытынан адасқанын айтты. 46 жастағы азамат туыстарымен табысты. Оның денсаулығына ешқандай қауіп ​ төніп тұрған жоқ. ​

Полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның  мән-жайын анықтауда.​

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру