Учаскелік инспектор әрдайым байланыста
Павлодарлық полицейлер халыққа бір қадам жақындай түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында учаскелік инспекторға басты рөл берілетін қолжетімді полиция қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметіне тұтас реформа жүргізу қажеттігіне назар аударды.
Сондықтан биылғы жылдың басынан бастап учаскелік полиция инспекторларының халықпен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты жақсарту және өзекті мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ Павлодар облысының аумағындағы жедел жағдайды бақылау үшін «WhatsApp» танымал мессенджерінде полиция басшылығының, өңірдің барлық учаскелік инспекторларының, сондай-ақ қаланың пәтер иелері кооперативтері төрағаларының қатысуымен топ құрылды.
Мәтіндік хабарламалар, бейнежазбалар, дауыстық хабарламалар алмасу арқылы азаматтар қысқа мерзімде өз әкімшілік учаскесінің учаскелік инспекторларына жүгінуге, шағымдар, ұсыныстар енгізуге, барлық проблемаларды жедел және бірлесіп шешуге мүмкіндік алды.