Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сиыр ұрлаған азамат полицияға жеткізілді

Шымкентте сиыр ұрлаған азамат полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазан 2020 жылы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын белгісіз біреу оған тиесілі құны 250 мың теңге тұратын сиырын ұрлап кеткені туралы арызданған.

Аталған хабарлама бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігімен іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қаратау ауданының Полиция басқармасының №58 учаскелік полиция тірегінің инспекторлары оқиға бойынша жедел іс-шараларды жүргізу барысында
1977 жылы туған азаматты анықтап, полицияға жеткізді.

Сиыр иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру