Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында карантин талаптарын бұза отырып, той жасаушылар азаяр емес

Қызылордада карантин талаптарын бұзудың 792 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аймақта енгізілген шектеулерге қарамастан, әлі күнге дейін салтанатты шаралар өткізу тыйылар емес.

2020 жылғы 1 қарашада  Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылының тұрғыны карантин талаптарын бұзып, құдалық ұйымдастырған. Дәл сол күні осы ауылдың келесі бір тұрғыны беташар тойын жасаған.

2020 жылғы 2 қарашада Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі дәмханалардың бірі түн жарымы ауғанша өз жұмысын тоқтатпай, жалғастыра берген, бұдан басқа аталған дәмхананың аспазшысы мен даяшылары қолғапсыз қызмет көрсетіп жатқан.

Барлық деректер бойынша әкімшілік материал жинақталып, шара қолдану мақсатында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына жолданды.

Қызылорда облысы бойынша енгізілген карантин шектеулерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мониторингтік мобильді топтар мен полиция қызметкерлері бүгінгі күнге дейін карантин талаптарын бұзудың 792 дерегін анықтаса, олардың 460 мейрамханалар мен дәмханаларда отбасылық мерекелер өткізу деректері болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру