Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр өңірінің бас полицейі азаматтарды онлайн қабылдауды жалғастыруда

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы қабылдауды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 5 қарашасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы  азаматтарды кезекті жеке қабылдауды жүзеге асырды.

Облыстың бас полицейіне жүгінген азаматтардың өтініштерінің басым бөлігі  қылмыстық істерді тергеу барысындағы заңдылықтың жай–күйіне қатысты мәселелерді қамтыды.

Азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған Бектөре Сұлтан Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына әрбір өтінішті толық және жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, заңдылықтың бұзу фактілері анықталған жағдайда түбегейлі шаралар қабылдау, кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарға  8 /7242/ 29-71-37, 29-56-87, 29-50-26 байланыс телефондары арқылы жеке қабылдауға жазылуға болатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру