Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық алаяқ адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын қалтасына басқан

Екібастұзда алаяқтықпен айналысқан 42 жастағы азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам екі жыл бойы өзімен бірге тұрған әйелден өз бизнесін дамыту үшін ақша керек деген сылтаумен қарызға алған. Ол әйелді түрлі күтпеген шығындар пайда болды деп алдаған. Осылайша қала тұрғыны 3 600 000 теңгеден астам қаражатынан айырылған.

Екібастұз қаласының басқа бір тұрғынына ер адам пәтер мәселесін шешуге, дәлірек айтқанда, салынып жатқан жаңа құрылыстан пәтер алып беруге уәде берген.

Алаяқ бұл отбасыдан 600 мың теңге алып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық)  бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру